ЖАСТАР ІСІ ҰЙЫМЫ

Жетісай медицина колледжі жастар ісі ұйымының төрағасы – Қалдыбаев Мейіржан Жолдыбайұлы

Жетісай медицина колледжіндегі «Жастар ісі ұйымының» жұмыс жоспары «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына негізделген.
Тұжырымдаманың мақсаты жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.       Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді іске асыруды болжайды:
      1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
      2) салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      3) құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру;
      4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
      5) жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
      6) жастарды мәдени құндылықтарға тарту;
      7) жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру;
      8) жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету;
      9) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
      10) жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға тарту.
Жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында Жетісай медицина колледжіндегі «Жастар ісі ұйымы» бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. «1 қыркүйек – Білім күніне», «30 тамыз – Конституция күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиында колледж табалдырығын енді ғана аттаған студент жастарға топ жетекшілері және колледж ұжымы, колледж ғимараты таныстырылып, алғашқы дәрістерін бастады.

Студенттік үкімет, студенттік кеңес құрамын сайлау мақсатында топ басшылармен топ белсенділері қатысқан жиналыс өткізілді. Жиында «Жастар ісі ұйымының» жылдық жолпары таныстырылды. Сонымен қатар студенттік үкіметтің президентін, орынбасарын, кіші бөлім меңгерушілерін, пікір –  сайыс, КТК клубтарының төрағаларын, мәдениет бөлімінің басшысын ашық дауыс беру арқылы сайладық.  Өңірде аудандық денсаулық фестивалі өткізілді. Фестивальға оқу орнымыздан 48 студент қатысып белсенділік танытты. Жәнеде  валейбол, футбол, қол күрес, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарды иеленді.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2014 – 2015 оқу жылына жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу жөнінде іс – шаралар жоспары түзілген болатын. Аталмыш жоспарға сәйкес жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын кеңінен насихаттау мақсатында бірнеше кездесулер, жиналыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Күн тәртібінде «Қыз балаларды, оның ішінде жасы кәмелетке толмағандарды үйлену мақсатында алып қашу оқиғалары бойынша түсіндіру жұмыстары. Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын- алу. «Бақытқа апарар жол» атты деректі фильм тамашалау» секілді мәселелер тұрды.

Ақпан айының 4 күні «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Бейсенбаев Мұхтар, Мақтарал АІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Байменов Ерғали, Жастар ісі ұйымының төрағасы Қалдыбаев Мейіржан мырзалардың қатысумен кездесу жиналысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу және Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылындағы болған тәртіпсіздік жөнінде жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түнгі уақытта жастардың жүріс тұрысын азайту мақсатында сәуір айында АІІБ мен бірге колледж ер мұғалімдерінің қатысуымен түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Жастар арасында діни экстремизм мен терорризмнің, теріс пиғылды діни ағымдар мен секталар насихатының алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттық топ құрылып, облыстық дін істері басқармасының басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес өз жұмысын жүргізуде. Жергілікті мешіт имамдарымен кездесулер, семинарлар, жиналыстар ұйымдастырып отырдық. Дін мәселесіне қатысты өткізілген іс-шараларда оқу орнымыздың студенттерінің барлығын түгел қамтыдық. Теріс пиғылды діни ағымдардың құрбаны болып жатқан жастардың көпшілігі діни білімдері төмендігінен екендігі белгілі, сондықтан жастардың діни сауаттылығын көтеру біздің басты мақсатымыз болып қала бермек. Топ жетекшілермен тығыз байланыста болып, бес уақыт намаз оқитын, хиджап киімін киетін студенттердің бар – жоғы жөнінде мәліметтеме алып отырдық.

Қазақстан Республикасы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және   2015 – Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы деп аталуына байланысты мемлекеттік тіл және  орыс   тілін оқыту      бойынша өзге ұлт өкілдерінен топтар ұйымдастырылды.Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтетін іс – шаралар жоспары түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік  концерттік  бағдарлама, студенттер арасында «Тілім  менің» тақырыбында шығарма жазу сайысы, «Тіл  – әр  халықтың  байлығы»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды. «Жастар орталығы, Тілдер орталығынан, БАҚ – нан» қонақтар шақырылып жоғары дәрежеде өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында өткізілетін кездесулер кестесі құрылды. Кестеге сәйкес жұмыс жүргізіліп, 175 қызметкермен студент жастар барлығы қамтылыды. Баяндамашылар тарихшы оқытушылармен студенттер үкіметінің белсенді мүшелерінен құрылды.

Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты мерекелік жиын, концерттік бағдарлама қойылды. Ұлағатты, үздік деп танылған ұстаздарымыз марапатталды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салтын насихаттау» орталығымен тығыз байланыста болып, кездесулер, семинарлар, конференцияларға шақырып отырдық. Спорттық сайыстар мен бірінші курс студенттері арасында «Көңілді старт» сайысы өткізілді. Аптасына бір мәрте тазалық күні ұйымдастырылып, жатақхана студентерінің, бөлмелерінің тазалығын тексеріп отырдық.

«Жетісай қаласының 45 жылдығы» мерекесін атап өту, жастарды патриоттық  рухта тәрбиелеу, колледж жастарының шығармашылық деңгейін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру мақсатында «Жаса, Жайна, Жетісай!» атты қала күніне арналған әдеби кеш өткізілді. Арнайы қала күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып орындалды. Қаламызға сіңірген еңбектері үшін бірнеше колледж қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Жастар ісі ұйымының» құрамында «Қайраткер» пікір – сайыс клубы, «Мед. коммедия» КТК клубытары жұмыс істейді. Аталмыш клубтар 2014 – 2015  оқу жылына жылдық жоспар түзді. Жоспарға сәйкес түрлі тақырыптарда  ойындар өткізіп, жолдастық кездесулерге қол жеткізді. Аптаның сәрсенбі күндері клуб мүшелері тәжірибе арттыру мақсатында колледж мәжіліс залында бас қосып отырады. Жастардың бойында мәдениеттілікді, рухани – адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастырумен өткізілген КТК ойындарында, оқу орнымыздың намысын қорғап шыққан «Мед. коммедия» командасы жартылай финалға, финалға жолдама ретіндегі сертификат иегері атанды.

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына 26 жылдығы аясында 2015 жылдың 11 ақпан күні соғыс ардагерлерімен жастардың «Ерлікке тағзым» атты кездесу жиынында студенттер үкіметінің президенті, 205 «Мейірбике ісі» тобының студенті Аппазова Таңшолпан баяндама оқыды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай оқу орнымыз мерекеге сәйкес безендіріліп, құттықтаулар жазылып, концерттік бағдарламалар дайындалып, «Ана аясы – бахыт саясы», «Даналықтың қажеті жоқ – сыйлау үшін ананы» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттар өткізілді. Таңғы уақытта гүл шоқтарымен қыз – келіншектерді күтіп алу рәсімі ұйымдастырылды. Экологиялық тәрбие беру, ана табиғатты аялауға үйрету, қаламызды күл – қоқыстан тазарту  мақсатында бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылды, аудандық, қалалық, республикалық сенбіктерде студенттер өз белсенділіктерін көрсетті. Сәуір айындағы «Бүкіл Қазақстандық ағаш егу күні» акциясына өз үлесімізді қостық

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне байланысты концерттік бағдарламалар қойылып, «Наурыз – Думан», «Армысың әз – Наурыз» атты ашық тәрбие сағаттарын 204 «Емдеу ісі», 105 «Медбике ісі» топтары өткізді.

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ кезектен тыс Сьезіне Мақтарал ауданынан төрт делегат, «Жас Отан» ЖҚ- ның мүшелері, белсенді жастар таңдап алынды. Осы құрамда Жетісай медицина колледжінің «Жастар ісі ұйымының» төрағасы Қалдыбаев Мейіржан Жолдыбайұлы болды. Сәуір айының 9-10 күндері Астана қаласында өткізілген форуға Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өзі қатысты. Сьезде Елбасының жастармен еркін сұхбаты екі сағатқа созылды. Сонда президентіміз бірнеше мәселелерге тоқталды: экономикаға, дін мәселесіне, демократия түсінігіне, бүкіл әлемдік өзгерістермен инновацияларға, сонымен қатар жастардың өте өзекті мәселелерінің шешілуіне бағыт бағдарын көрсетті. Дәл сол сьездің өзінде Елбасы жастарға жігер, шабыт, жалын беретін көптеген ойлар айтты. Үлкен тебіреніспен оралған Мейіржан ағайымыз жастармен кездесулерде өз сезімімен, алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар сайлау науқанында «Біз – Елбасымен біргеміз» атты аудандық форумдарда мінбеде сөз сөйледі. «Нұр Отан» партиясы аудандық басшыларының қатысуымен колледж ұжымымен студент жастары Елбасымен бірге екендігінің айқын көрінісі болатын бірнеше форумдар ұйымдастырылып, бейне таспаға, фото суреттерге алынып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Сайлаудан соң Елбасы жеңісіне орай ұйымдастырылған бүкіл Қазақстандық форумға колледж қызметкерлерімен оқушылары жүз пайыз қатысты.

«Қазақ хандығының 550 жылдық» мерей тойына орай оқу орнымыздың тарихшы мұғалімдерімен жас тарихшылар үйірмесінің студенттері бірнеше семинарға, конференцияларға, сайыстарға қатысып белсенділіктанытты. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін атап өту мақсатында Тарихшы мұғалімдердің ұйымдастыруымен колледжде «ҰЛАН БАЙТАҚ ДАЛАДА, ХАНДЫҚТЫҢ ТУЫН КӨТЕРГЕН» атты тақырыпта тарихи – әдеби танымдық кеш өткізді. Аталмыш кеште қазақ даласында хандықты басқарған хандармен сұлтардың өмірлері, жүргізген саясаты, даналықтары жөнінде баяндама жасалды. Париоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылып, хандықтың құрылуы туралы көріністер көрсетілді.

Бітіруші түлектерге арналған «Сыңғырла соңғы қоңғырау» атты салтанатты іс- шарасы ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізілді. Іс-шараға қонақтар, ата – аналар, «Жастар орталығының» қызметкерлері шақырылып өте белсенді, оқуда озат студенттер мадақтамамен марапатталды. Топ жетекшілердің студентерге, студенттердің мұғалімдеріне араналған қоштасу тілектері айтылды. Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен би кешіне ұласты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өту мақсатында «Бірлігіміз жарасқан!» атты флэшмоб ұйымдастырылды. Флэшмобқа 205  «Мейірбике ісі», 105 «Медбике ісі», 103 «Медбике ісі» топтарының студенттері қатысты. Әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін билеп, Қазақстан халқының соның ішінде Мақтарал ауданының жастарының ұлт аралық татулығы берік екеннін көрсетті.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы»         «9 мамыр – Жеңіс күніне»орай «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты тақырыпта 104 «Емдеу ісі», ІІ емдеу ісі «А» топтары ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Жеңіс күніне арналған аудандық іс – шара 7 мамыр ұйымдастырылған болатын сонда колледжіміздің жастары «Ерлікке тағзым, ардагерлерге құрмет» ұранымен «Мәңгілік алау» және жастар саябағындағы «Жауынгер» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. «Жас келсе іске!»  акциясы аясында жалғыз ілікті қарттарға, соғыс  және тыл ардагерлерінің қал – жағдайларынан хабар алып, үй шаруасында көмек беріп, үнемі байланыста болдық. Колледжімізге бекітілген соғыс ардагері Мамадалиев Налибай атамыздан хабар алып, денсаулығын біліп, жасаған ерліктерін жас ұрпақ ешқашан ұмытпайтындығын айтып отырдық.