ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАҒЫТТАРЫ

1.1.   Қоғамдық тәрбие

– Халықтық  тәжірибе мен педагогика – психология ғылымдарының жетістігі негізінде студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
– жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
– жастарға егемендік, бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
– әрбір жастың санасына- адам өміріндегі еңбектің ролін,шығармашылық жұмыстың қажеттілігін жете түсіндіру;
– саяси сауат ашуға,әлеуметтік,экономикалық мәселелерге  арналған саяси хабарлар, тәрбие сағаттар,кештер ұйымдастыру;
– ішкі істер,заң әділет,сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер,дөңгелек үстелдер,диспут, пікір алысулар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
– саяси қоғамдық, т.б. заңдарды оқып үйренуге;

1.2   Адамгершілік рухани тәрбие

– жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
– саяси,экономикалық,әлеуметтік,рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру, құндылықтарды қалыптастыру;
– ұлттық мәдениетке-саналы көзқарасты қалыптастыру;
– студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ маман, келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау, қалыптастыру;
– дінге деген  дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
– халық тарихын,ұлттық дәстүрін,тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып қазақ театрына бару, ұлттық өнер мен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
– үздік өнер туындылары,қолөнер шебері, үздік фотомерген және  өнер тапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
– психология кеңесін ұйымдастыру;

1.3     Салауатты өмір салты
– Техникалық және кәсіптік оқу орнында дене-тәрбиесі пәнін жетілдіру, жаңа әдіс -тәсіл, формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзінде ендіру;
– әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып( ұлттық спрттық ойын түрлерімен қоса),үйірмелер құру, спорт жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру; 
– ұлттық спорт және  ойын түрлерімен таныстыру,  оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету;
– серуен, саяхаттар ұйымдастыру, туризмді дамыту;
– салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі- маскүнемдікке, нашақорлыққа жол бермеуге арналған іс-шараларды кешенді түрде жүргізу;
1.4.     Эстетикалық тәрбие
– Білім алушылардың нәр-бойында эстетикалық талғам, көзқарас сезімдерін қалыптастыру;парасатты өзіне жолдас, дос таңдай білу;
– әсемдікті көре,түсіне, жасай білуге, талғампаздыққа үйрету;
– өнер,табиғат, еңбек, өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;
– әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру, олардың жүйелі,нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
– мәдени мұра атауын жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік, рухани,құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
– медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін еңгізу;
– әр-түрлі жұқпалы аурулардан алдын-ала студенттерді өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу;
1.5     Экологиялық тәрбие
– Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын,бір тал кессең,он тал ек» – деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қОрша?ан ортаны табиғатқа- деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;
– жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін, табиғат пен адамның өзара байланыста екендігін, осының негізінде табиғатты, табиғи ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғындыру;
– экологиялық білім беру және насихаттау;
1.6     Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие
– «Сегіз қырлы,бір сырлы», егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;
– ұлттық мәдениетті, әдепті жастар арасында қалыптастыру;
– бойжеткен, боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;
– ұлттың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;
– ұрпаққа отандық ерліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының, ұлт зиялыларының өмір өнегесімен таныстыру
– өз отанын, жерін, елін қорғай алатын ел жанды, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
– «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны»- деген тақырыптарда байқаулар өткізу;
– дінтану аясында тәрбиелік мәні бар,іс-шаралар ұйымдастыру;
1.7     Құқықтық тәрбие
– Мемлекет заңдарын білу және оған  сый құрметпен қарау;
– Қазақстан Республикасының Коституциясын;
– Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;
– Азаматтық жауапкершілікті күшейту;
– Заң,сот,полиция,прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;