СТОМАТОЛОГИЯ

1.  0304000 – «Стоматология» мамандығының коды мен мамандық атауы
Біліктілігі:   0304023- «Дантист»
2.  0304000- «Стоматология» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі:      күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің  кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында  меңгерудің нормативтік мерзімі:
3. 0304023 – «Дантист»  біліктілігі бойынша бітірушінің  кәсіптік қызметінің объектілері  ересек тұрғындар мен балалар болып табылады. Түлектердің кәсіптік қызмет орындары  төмендегілер болып табылады:
– тіс техникалық зертханалар;
– стоматологиялық бөлімдері бар емдеу- профилактикалық мекемелер: емханалар, клиникалар, медициналық орталықтар;
0304000- «Стоматология» мамандығы  0304023 – «Дантист» біліктіліктеріне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
– орталықтарда, емханаларда дәрігерлік амбулаторияларда, тіс техникалық зертханаларда әр түрлі жастағы наукастарға алғашқы тіс техникасына қатысты  көмек көрсету;
– бақытсыз жағдайларда және қатты ауырған  кезде дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету  және пациенттің  жағдайын бағалау;
– денсаулық сақтау мекемелерінде  санитарлық-гигиеналық эпидемияға  қарсы режимдерді сақтау;
– көпшілік зақымданған жерде, індеттің төтенше жағдайында  халыққа медициналық жәрдем көрсету;
– әр түрлі жас топтағы  халық денсаулығына жәрдем көрсету және нығайту үшін шара қолдану және пациенттің құқығын сақтау, олардың отбасына қызмет жасау;
– әртүрлі жастағы балаларға ауыз қуысы аурулары туралы кеңестер беріп, иммуно-профилактика  және диспансерлік бақылау жүргізу.