ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

МКҚК «Жетісай медицина колледжінің» педагог-психологы 
Айдарқұл Шынар Ернарқызы

Психологиялық қызметтің басты мақсаты.

   Колледждегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – даму мен оқу, тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
   Педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, болашақ психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің басты міндеттері:
– білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне қажетті психологиялық көмек беру.
– студенттің жас ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
– интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
– оқытушылар мен студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
– салауатты өмір салтын қалыптастыру.
– оқушылардың танымдық процестерін жетілдіру, жеке түлғаның педагогикалық-психологиялық зерттелуін ұйымдастыру, студенттер арасындағы психологиялық сауал, қарым-қатынасты анықтау.

Колледж психологы жауапты:
– өз зерттеу нәтижесінің дұрыстығына өзі жауап береді.
– пайдаланылатын әдебиеттер мен әдістердің сәйкестілігіне көңіл бөлу.
– зерттеу хаттамаларын сақтауы тиіс.
– өз жұмысын сапалы әрі уақытында орындауға тиіс.

Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
– Психологиялық диагностика – 
– Мақсаты: Тұлғаның, педагогикалық ұжымның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.
– Психологиялық профилактика – 
  Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
– Психологиялық түзету және дамыту – 
   Мақсаты: Студенттердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы біліктілікті дамыту. 
– Психологиялық кеңес жүргізу, кәсіби кеңес жүргізу –
   Мақсаты: Педагогикалық үдерістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
– Психологиялық білімді көтеру –
   Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Психологтар ұстамы:
«Жалғаймын деп  үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма» дегендей кездесетін әртүрлі ситуациялық проблемаларды шешу жолдарын  жетік білуіміз қажет.