КОЛЛЕДЖ ЖАЙЛЫ

Жетісай медицина колледжі  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 22.07.1991 жылғы № 371  бұйрығына сәйкес,  Шымкент медицина училищесінің  бөлімшесі ретінде ашылды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 1992 жылғы 21 қаңтардағы № 36 бұйрығымен өз алдына жеке «Жетісай медициналық училищесі» болып  қайта құрылды. Училище «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушер ісі» мамандықтары бойынша орта буын медициналық мамандарды дайындады. 
   Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 237 бұйрығымен «Жетісай медицина училищесіне» білім беру құқығына  БМ сериялы № 0000330 лицензиясы берілді.
   ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1995 жылғы 25 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес «Ортопедиялық стоматология» мамандығына оқушылар қабылдады.   
   Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығына сәйкес «Жетісай медициналық училищесі» «Жетісай медициналық колледжі» атына ауыстырылды.
   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 шілдедегі № 777 бұйрығына сәйкес «Жетісай медициналық колледжіне» «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта кәсіптік білімді мамандар дайындау жөнінде білім қызметін жүргізу құқығына   БМ сериялы № 0000429 лицензиясы  берілді.
   Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімиятының 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 156 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының «Жетісай медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта аталды. 
   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Жетісай медицина колледжі» МКҚК білім беру құқығына  АА сериялы № 0010027 шектеусіз мерзімді мемлекеттік лицензия берілді. 
   2012 жылғы 27 наурызда мемлекеттік лицензияға № 0113489 Қосымша алынды. Қосымша тізбесіне мамандықтың атаулары 2010 жылғы жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетілген: 0301000 «Емдеу ісі»  біліктілігі- фельдшер, акушер, 0302000 «Медбике  ісі» біліктілігі- жалпы тәжірибедегі медбике, 0304000 «Стоматология» біліктілігі- дантист мамандықтары енгізілді. Оқыту мерзімі: жалпы орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай, негізгі орта білім негізінде – 3 жыл 10 ай. 
   Білімді де білікті маман, елін, жерін сүйетін,  қадірлейтін азамат дайындау үшін медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі Тоқбергенов Лауия Тоқбергенұлы қолледждің іргетасын қалады. 
   Қазіргі таңда колледж директоры жоғары санатты дәрігер оқытушы Тоқбергенов Мұзурафша Лауин.
ҰҚ-05                                                                                                  Шығарылым 2, 05.06.2017

Қайта қарау 1, 05.06.2017

САПА АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСАТ

«Жетісай  медицина колледжі» МКҚК Қазақстан Республикасындағы орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.  
Колледждің басты қызметі болып тәжірибеге бағытталған білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындауда мемлекеттің, қоғамның, денсаулық сақтау жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын үнемі өзгермелі нарық жағдайында жеке және кәсіптік тұрғыдан өздерін көрсетуге дайын тұратын мамандарды көру.
Колледж саясаты болып тұтынушылардың қазіргі және келешектегі талаптарына, сонымен қатар қолданыстағы заңнамалық және нормативті талаптарға сәйкес сапалы орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруда білім беру қызметтерін ұсыну.
Республикалық,  облыстық, қалалық, аудандық денсаулық сақтаудың дамуына және қайта түрленуіне мүмкіндігінше үлес қосу, Колледждің ұзақ мерзімді дамуы үшін клиенттерге өмірде қажет, талап етілетін сапалы қызметті көрсетуге ұмтылуы.
Компания осы саясатқа сай, Клиентке және  колледждің тиімділігіне және сапаны үнемі жақсартуға ұмтылысы мен бірлесе қызмет ету концепциясына  сенеді.
Жоғары басшылық сапа аймағындағы стратегиялық мақсаттың қолданылу аймағы мен СМЖ нәтижелерін, саясат пен процестерді, коммуникацияны, мәдениетті, сапаға бейімделуді нығайтуды, ресурстармен қамтамасыз етуге және оқытуға мүмкіншілікті, сонымен қатар адамның үлесін және ішкі ынтасын мойындауды өз жауапкершілігіне алады.
Колледждің алға қойған Мақсаттарына жету үшін, рәсімдер құжатталады және Ішкі Аудит жүргізгенде бақыланады, сонымен қатар басшылық тарапынан СМЖ талдау жиналыстарында талқыланады. Клиентке көрсетілген қызметтің талап етілген сапаға сай жұмыстар атқарылғандығына сенімділікті қамтамасыз ету үшін колледж саясаты СМЖ дамуына және қолданылуына барлық қызметкерлерді тартады, ал мақсаттары мүмкіндігінше кеңінен талқыланады. Қажетті жағдайда саясатты сәтті енгізуді тиісті білім және тәжірибе алуына кепіл болу үшін практикалық көмек көрсетіледі және оқыту жүргізіледі.
Компания Қазақстандағы медициналық білім беру қызметі нарығындағы көрсетілетін қызметтің сапасын үздіксіз арттыру негізінде жетекші орынға ие болуды мақсат етіп қояды.
Біз ISO 9001:2015 принциптерін ұстанатындығымызды және СМЖ талаптарын, сонымен қатар Колледждің барлық қызмет саласының заңнамалық талаптарын сақтауға міндеттенетінімізді жариялаймыз. 
Компания ISO 9001:2015 стандарты талаптарына жауап беретін  Сапа менеджменті жүйесін тиімді басқаруын қолдайтын және қауіпке бағытталған ойлауды, көшбасшылықты, процестік тәсілді қолдану арқылы  алға қойылған мақсаттарға жетуге ұмтылады.
Бұл жүйе Компанияның құжатталған ақпараттарында көрсетілген. 
Колледждің басқарушы қызметкерлері жарияланған Саясатты қабылдайды.

Директор                       Токбергенов М.Л.

ҰҚ-10

Шығарылым 2, 05.06.2017
Қайта қарау 1, 05.06.2017

«ЖЕТІСАЙ  МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКҚК- 2020 ЖЫЛҒА  ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯСЫ

Миссия: Орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсету, тәжірибеге бағытталған білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындауда мемлекеттің, қоғамның, денсаулық сақтау жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын үнемі өзгермелі нарық жағдайында жеке және кәсіптік тұрғыдан өздерін көрсетуге дайын тұратын мамандарды дайындауда білім беру қызметін ұсыну.
Көзқарас: Қызмет көрсетудің сапасын үздіксіз арттыруда Қазақстандық білім беру қызметінің нарығында ең үздік медициналық колледждер қатарына өзін ұсыну.

Стратегиялық мақсат:  ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес жұмыс істейтін және  жоғары сапалы қызмет көрсетуде клиенттердің таңданысын туғызатын,  Қазақстан Республикасының ең үздік медициналық колледждерінің ондығына ену.

Жұмыстағы ұстанымдар:

Тұтынушыға бағытталу
Көшбасшылық
Тұлғалар  құзыреттілігі және өзіне тарту
Үрдістік тәсіл
Үздіксіз жетілдірудің мәдениеті
Негізделген шешімдерді қабылдау
Өзара қарым-қатынастарды басқару
Қызметтердің негізгі бағыттары:
1.Техникалық және кәсіптік білім беруде орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлауда білім беру қызметтерін ұсыну. 
2.Орта буынды медициналық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Стратегиялық үрдістерді таңдау және басқару шешімдерін қабылдау

Оқытушылық құрамның және үрдістердің тиімділігінің жоғарылауы, Сапа менеджменті жүйесінің (ISO 9001:2015)  дамуын және  қызмет етуінің сапалы нәтижесін қолдау арқылы қойылған мақсатқа жетуді көздеу.
Білім беру қызметі нарығында өзінің орнын кеңейту және көшбасшылықты қамтамасыз ету.
Талап етілген сапалы қызмет арқылы тұтынушының сенімінен шығу.
Сенімді жеткізушілер.
Барлық қызмет түрлерінің үздіксіз жақсаруы.
Ертеңгі күнге сенімділік және қызығушылық тепе-теңдігінің болуы.