КІТАПХАНА

Кітапханашы: Қартайғанова  Сайыпжамал  Самбаевна
Білім: жоғары.
Бітірген оқу орынының атауы:
1986-1992жж Ташкент қ. Республикалық пединститут орыс тілі
және әдебиеті- мұғалім;
2006-2008жж Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай
гуманитарлық колледжі- кітапханашы.2007ж бастап Жетісай медицина колледжінде – кітапханашы міндетін атқарамын.
Жалпы стаж: 25жыл.Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі:
2011ж Жетісай медицина колледжі «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай марапатталады»
2014ж Құрмет грамотасы. Қазақстан Денсаулық Сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы
«Салалық кәсіподақ  қозғалысын дамыту  және нығайтуға, оның  қатарын  сақтап қалуға  белсене  қатысып медицина  саласына абыройлы қажырлы  еңбегі үшін наурыз Халықаралық әйелдер  мерекесі
күні мерекесіне орай  марапатталды».
3. 2015ж Құрмет грамотасы. Қазақстан Денсаулық Сақтау қызметкерлерінің салалық   кәсіподағы «Салалық кәсіподақ  қозғалысын дамыту  және нығайтуға, оның  қатарын  сақтап қалуға  белсене  қатысып медицина  саласына абыройлы қажырлы  еңбегі  үшін марапатталды».Колледждің кітапханасы       Жетісай медицина  колледжімізбен бірге  кітапханасы да ұдайы дамып, жетіліп келеді.    Қазіргі таңда  кітапхананың қызмет көрсету ауқымы кең. Оқырмандарға абонемент бойынша  35 орынға арналған оқырман  залында  қызмет  көрсетіледі. Кітапхананың  кітап қоры 39073 дананы құрайды, соның ішінде әдеби кітап 5607 дана,электрондық басылымдар -124 (қаз. тіл),  оқу-әдістемелік кітап саны-1145, оқырмандар саны 992.   Бүгінгі күні бір кітапхана қызметкері жұмыс істейді.
     Кітаппен қамтамасыз ету бойынша оқыту талабына байланысты оқу және оқу-әдістемелік құралдары жақсарып келеді, әсіресе мемлекеттік тілде. Оқу процессін жақсарту мақсатында басылымдардың қымбаттығына қарамастан кітап қоры толықытырылып отырады. Мерзімді басылымдар қорын жаңа басылымдармен толықтырып отырұға колледж жыл сайын қаражат бөліп тұрады. Бұған қосымша  әртүрлі баспалардан жазылып қазақ, орыс, тілдеріндегі  оқу процессіне қажетті газет журналдар және кітап алу жақсы үрдіске айналған. Себебі, бүгінде білімнің бар қайнар көзі-кітапханада. 2015 жылға  жаңадан  алынған кітаптар саны 667 дана, бағасы 2913500 тн.Көпшілік кітапханалық ақпараттандыру.           Жастардың кітапханаларға ықтиярлықпен баруын қамтамасыз ету мақсатында оларға «Бос уақытты пайдалану» шарасын дәріптеп , қызықты әдебиеттерді таңдай білуіне қолғабыс ету ниетімен әртүрлі мәдени іс- шараларды өткізу , көрмелер ұйымдастыру да тиімді үрдістердің бірі.
Тақырыптық көрмелер: «Білім күні», 14 Қазан Дүниежүзілік диабетке қарсы күні, 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күні, «ЖҚТБ-өзінді қалай сақтау керек», 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні»,«22 Наурыз құт береке әкелсін», «Ұлы  Жеңіс туралы»,«Дүниежүзілік темекіге қарсы күні»,   «Қазақ  хандығына 550 жыл». Будан басқа топ жетекшілері және оқушылармен бірге өткізген іс-шаралары:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-хабарлама сағаты, «Әлемді тербеткен ана»-мерекелік кеш, «Денсаулық күні.Салауаттылық пен парасаттылық»-қенес сағаты, 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні- ұлттық поэзия сағаты.

Кітапхананың ақпараттық-анықтамалық  жұмысы.

     Бүгінгі таңда қоғамдағы күнделікті өзгеріп жатқан ақпараттық-материалдың көптігі, оны болашақ мамандардың дұрыс пайдалана білуіне жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отыру қандай кітапханаға болмасын оған ең үлкен жауапкершілік артып отыр.
    Кітапхана процестерін компьютерлендіру – жаңа технологияларды, электронды оқулықтарды және Интернет қорын пайдалануға байланысты кітапханада барлық  мүмкіндіктер жасалған. Кітапхананың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жаңарту мақсатында, кітапхана жаңа үлгедегі соңғы шыққан компьютерлермен толықтырылуда. Оқу залында оқушылар өздерінің білімін арттыру үшін оқулықтар мен қатар компьютерлерге алдын ала жинақталған электрондық  оқулықтар қорын пайдалана алады және электронды каталогтардың мәлеметтер базасы оқырмандарға қызмет көрсетеді.Осы тұрғыда  оқытушылар мен студенттер үшін «Оқуга көмек ретінде» және «Педагогка көмек» ретінде оқу бөлімінің тапсырмасымен оқу залына оқытушылардың пәндері бойынша жазба және электрондық түрде әр пән бойынша лекциялар   мен тесттер жинақтары тапсырылған.
  Оқу барысында студенттер арасында өздеріне қажетті кітаптарды қалай, қай жерден іздеу керектігі жөнінде көптеген түсініспеушіліктер мен сұрақтар түүы мүмкін. Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалдық деңгейі мен  сұраныстары күрделі,  мазмұны өзгерген. Сондықтан  да олардың  қажетті талап-тілектерін орындау, жаңа ақпарат көздерін  дер кезінде ашып, оны кітапхана оқырмандарына жедел хабарлап отыру біздерге, кітапханашыларға үлкен міндеттерді жүктейді.

Кітапханлық және ақпараттық библиографиялық сауаттылықты қалыптастыру.

   Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бүгінгі жас ұрпақтың ең алдымен білімін жетілдіріп, мамандығын көтеруге көмектеседі. Білімді де, білікті мамандар ғана заманымыздың өскелең талаптана төтеп бере алады. Ал уақыт талабы, қазіргідей автоматтандырылған заманда кітапханаға жүктелетін сұраныс, талап та жоғары.
  2013 жылдан бастап біздің кітапхана КАБИС бағдарламасы бойынша    автоматтандырылған.Онда келіп түскен кітаптарды тіркеуге алып, толық библиографиялық сипаттама жасалып, электронды каталогқа енгізіледі.
Қыркүйек айында жаңа қабылданған студенттер үшін ҚББ- кітапханалық- библиографиялық білімімен таныстыру жүргізіледі. Кітапхана қамту карточкасында колледжде оқылатын барлық пәндер бар, әдебиет мәлеметтері орын алған, студенттер континенті мен кітап алу күні көрсетілген. Кітапхана қоры медициналық оқулықтармен жақсы қамтылған, көпшілік басылымдар абонемент арқылы үйге беріледі.