ЕМДЕУ ІСІ

1.   0301000- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы 
Біліктілігі:      0301013- «Фельдшер»
2.   0301000- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі:   күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің  кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында  меңгерудің нормативтік мерзімі:
3. 0301013 – «Фельдшер»  біліктілігі бойынша бітірушінің  кәсіптік қызметінің объектілері  әр түрлі жас аралығындағы  үлкен адамдар және балалар болып табылады.
4. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы  0301013 – «Фельдшер» біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
– ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерде (ФАП), медициналық – санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында  емдік – диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық  көмек көрсетуге қатысу;
– жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда  дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
– медициналық мекемелерде санитариялық – гигиеналық және эпидемияға қарсы  режимді сақтау;
– эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
– науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне,  қарттарға, мүгедектерге және созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды  ұйымдастыруға қатысу;
– аурулардың алдын – алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
-алғашқы медициналық – санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу.
0301000- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы
Біліктілігі:   0301023- «Акушер»
2. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі:      күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің  кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында  меңгерудің нормативтік мерзімі:
3. 0301023 – «Акушер»  біліктілігі бойынша бітірушінің  кәсіптік қызметінің объектілері  әр түрлі жас аралығындағы  әйел адамдар болып табылады.
4. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы  0301023 – «Акушер» біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
– әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және ана мен баланың денсаулығын сақтау орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық типтегі  медициналық ұжымдардың бөлімдерінде және  диагностикалық- көмек көрсету қызметтерінде  жүкті,  босанатын, босанған, гинекологиялық науқастарға емдік- диагностикалық  көмек көрсету;
– мамандықтың саласы бойынша  жіті аурулар және келеңсіз  жағдайларда  дәрігерге  дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;
– бөлімшелерде (әйелдер кеңесінде, бөлмеде) санитарлық – гигиеналық  және санитарлық – эпидемиологиялық тізімдерді сақтау;
– гинекологиялық  ауруларды айқындау мақсатында  әйелдерді алдын-ала қарау;
– пациенттің әлеуметтік тұрмыстық  жағдайын, жанұя жағдайын ескере отырып, денсаулығына ықпал ететін физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени  қауіп қатер  ықпалдарын анықтау;
-акушерия-гинекология  саласындағы медииналық ұжымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі  пациенттердің  және  медицина қызметкерлернің инфекциялық  қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау жүйесін жүзеге асыру.