БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Жетісай медицина колледжі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 22.07.1991 жылғы №371 бұйрығына сәйкес Шымкент медицина училищесінің филиалы ретінде ашылып, Жетісай медицина колледжінің «Біліктілікті арттыру бөлімі» Қазақстан Денсаулықты сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 7-желтоқсандағы №10-2-233 жіберген хатына және Қазақстан республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Денсаулық сақтау басқармасының 88-П 2001 жылғы 13 ақпанындағы бұйрығына сәйкес ашылған.
   Біздің ауданымыз облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Ауданда 4 аумақтық аурухана, емхана, тері-жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары, туберкулезді емдейтін диспансер, 30-дан аса орталық дәрігерлік амбулаториялар жұмыс жасайды. Біздің бөлім Сарыағаш және Шардара аудандарын да қамтиды.
Орта буын медицина қызметкерлері бюджет есебінде және ақылы түрде оқытылады. Біздер Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бекіткен кестесі бойынша (тыңдаушылар колледж оқытушыларымен бірге) жұмыс істейміз. Сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі. «Біліктілікті арттыру» бөлімінде дәріс беретін 28 оқытушы  көп жылдық тәжірибелері бар жоғары дәрежелі оқытушылар. Сонымен бірге аудандық орталық ауруханадағы жоғары дәрежелі дәрігерлер және медицина ғылымының кандиданттары тартылған. «Біліктілікті арттыр» бөліміндегі оқытушылар тыңдаушыларға сапалы, тиянақты білім беру мақсатында жаңалықтарды медицина мен педагогикадағы соңғы өзгерістерді қалт жібермей өз жұмыстарында қолданып отырады. Сабақтарда әр түрлі көрнекіліктер мен қоса бейнефильмдерді пайдаланады. Колледжде әр пәнге байланысты муляждар мен фантомдар жеткілікті мөлшерде. Соларды пайдалана отырып, тәжірибелік сабақтарда іс-әрекеттерді машықтануға жағдай жасалған.
«Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгерушісі – Қуанышқызы Ботакөз. 2013 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетін 051101- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша терапевт дәрігері біліктілігі беріліп аяқтады. 2013 жылдан бастап Жетісай медицина колледжінде «Ішкі аурулар» пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарып, 2015 жылы қыркүйек айында «Біліктілікті арттыру» бөлімінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.

Байланыс телефондары: 6-50-51, 8 775 489 89 00
E-mail: fpkmed@mail.ru