ӘКІМШІЛІК БӨЛІМІ

Жетісай медицина колледжінің директоры
Токбергенов Музурафша Лауин. Жетісай медицина колледжінің директоры. 1974 жылы 19 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында өмірге келген. 1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Жетісай аудандық ауруханасында дәрігер-стоматолог қызметінен бастаған. 1997 жылы Жетісай медициналық колледжіне оқытушы болып қабылданды. 1998-2003 жылдары ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінің директоры қызметін атқарды. 2003-2006 жылдары Жетісай медицина колледжінің директоры, 2006-2008 жылдары Жетісай медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2008 жылдан бастап Жетісай медицина колледжінің директоры қызметін атқаруда. Марапаттары: Жетісай қаласының 40 жылдығы мерекелік медалінің иегері, 2010 жыл Республикалық «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының Алғыс хаты, 2012 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Алғысы, 2015 жыл Облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталары. Жетісай қаласының 45 жылдығы мерекелік медалінің иегері, 2015 жыл. Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы. 

Директордың орынбасары
Пәрімбекова Айсұлу Сатыбалдықызы – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1983 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылы Жетісай аудандық орталық ауруханасына дәрігер-терапевт болып жұмысқа қабылданды.1991-1996 жылдары Жетісай медициналық училищесінде бөлім меңгерушісі.1996-2006 жылдары Жетісай медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.2006-2008 жылдары Жетісай медицина колледжі директоры.2008 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.Марапаттары:ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі төс белгісі, Жетісай қаласының 45 жылдығына медалі, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы, 2011 жыл, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына Алғыс хат, 2011 жыл ОҚО білім, жастар және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаты, 2015 жыл Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы. 

Директордың орынбасары
Сраилов Жубан Сраилович – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетін биология пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.1995 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Генетика» пәнінің оқытушысы қызметіне қабылданды.1996-1998 жылдары Жетісай медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.1998-2001 жылдары Жетісай медициналық колледжі «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі.2001 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Марапаттары: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» құрмет грамотасы, 2014 жыл «Жетісай қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, 2015 жыл Жоғары дәрежелі оқытушы.

Директордың орынбасары
Токбергенова Гульнара Бегимовна – директордың Ғылым, жаңа технологиялар және ақпараттар бойынша орынбасары. 1990 жылы; Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылы Шымкент қаласы облыстық босану үйінде дәрігер-интерн. 1991-1995 жылдары Алматы қаласы №1 Қалалық клиникалық ауруханада дәрігер акушер-гинеколог.1995-2006 жылдары Жетісай медициналық колледжінде дәрігер-оқытушы. 2006-2007 жылдары Жетісай медицина колледжінде «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдан бастап директордың Ғылым, жаңа технологиялар және ақпараттар бойынша орынбасары. Марапаттары:ОҚО Мақтарал аудандық мәслихаты ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына Алғыс хат, 2011 жыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат, 2014 жыл ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Құрмет грамотасы, 2014 жыл Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы.

Директордың орынбасары
Шадиев Аханбек Шамшидинович – директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін балалар дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Жетісай медициналық колледжінде «Хирургия» пәнінің мұғалімі. 2001 жылдан бастап директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары. Марапаттары: Медицина қызметкерлері күніне Құрмет грамотасы, 2011 жыл Тәуелсіздік күніне орай Құрмет грамотасы, 2012 жыл Медицина қызметкерлер күніне орай Алғыс хат, 2013 жыл Мұғалімдер күніне Алғыс хат, 2015 жыл Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы.

Директордың орынбасары
Нурманов Ануарбек Амзеевич – директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары. 1984 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан бастап Жетісай медицина колледжінде жұмыс атқарып келеді. 2002 жылдан бастап директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына қала әкімінің Мадақтамасы, 2012 жыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат, 2014 жыл

Көмеков Жеңісбай Махметжанұлы – «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылы Қарағанды Мемлекеттік медициналық институттың «Емдеу профилактикалық» мамандығын бітірген.1995 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Жалпы гигиена және жұқпалы аурулар» пәнінің оқытушысы қызметіне қабылданды. 1997 жылы Жетісай медициналық колледжі «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі. 2000-2001 жылдар аралығында директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары. 2002 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі. 2015 жылдан бастап «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі. Марапаттары: Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, 2001 жыл Мақтарал ауданы әкімінің Алғыс хаты, 2011 жыл Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, 2013 жыл «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Құрмет грамотасы, 2014 жыл Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық медициналық Ассоциацияның «Алтын дәрігер» медалі, 2015 жыл 
Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы.

Сәтбаев Қазбек Сауытұлы – «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылы Қарағанды медициналық институтын «Стоматология» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Стоматология» пәнінің оқытушысы қызметіне қабылданды. 2000 жылы Жетісай медициналық колледжі «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылы «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Стоматология» бөлімінің меңгерушісі. Марапаттары: ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, 2013 жыл- Мақтарал ауданы әкімінің Медицина қызметкерлер күніне орай Алғыс хаты, 2015 жыл 
Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы.

Адамбекова Клара Әбдіғаппарқызы- Емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі.
1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. 1991-1996 жылдар аралығында Жетісай аудандық емханасында, Атакент ауруханасына қарасты «Абай» амбулаториясында  педиатр -дәрігер болып қызмет атқарған. 1996 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Балалар ауруы» пәнінің оқытушысы болып қабылданған. 2006 жылы Бірлестік төрайымы және «Біліктілікті арттыру» бөлімінің әдіскері қызметтерін атқарған. 2007 жылдан  «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгерушісі. 2015 жылдың қыркүйек айынан «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі. Жоғары санатты дәрігер – оқытушы. Марапаттары: 2011ж. Кәсіподақ ұйымынан 8 -наурыз қарсаңында мадақтама 2012ж. Алғыс хат. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы халқының денсаулығын жақсартуға, жалпы денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыруға қосқан үлесі үшін марапатталды. 2013ж  Құрмет грамотасы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері қәсіподағы» Салалық кәсіподақ қозғалысын дамыту және нығайтуға, оның қатарын сақтап қалуға белсене қатысып, медицина саласында абыройлы, қажырлы еңбегі үшін және «8 -наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне байланысты марапатталады. 2014ж. Мадақтама. Сізді «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай болашақ орта буынды медицина мамандарына саналы тәрбие, сапалы білім берудегі еңбектеріңіз үшін осы мадақтама қағазымен марапатталады.

Акжигитова  Света  Тульбасиевна – Акушер ісі бөлімінің меңгерушісі. ОҚО Мақтарал ауданында 1961 жылы педогогтар отбасында дүниеге келді. 1978 жылы Ж. Жабаев атындағы  орта мектепті үздік бітіріп, Ташкент Мемлекеттік  медицина институтының  Емдеу ісі факультетіне оқуға түсті. Ташкент Медицина институтының  емдеу факультетін 1984 жылы бітірген. 1984 жылдан 1995 жыл аралығында  аудандық ауруханада врач ординатор, емханада  учаскелік терапевт болып қызмет атқарды. 1996 оқу жылынан бастап Жетісай Медицина колледжінде ішкі аурулар пәні оқытушысы, 1996 жне 1997 жылдары топ жетекшісі болып қызмет атқарды. 1998 жыл мен 2002 жыл аралығында  клиникалық пәндер бірлестігінің төрайымы, 2005/2006 оқу жылдан – 2015жыл аралығында медбике ісі бөлімінің меңгерушісі   қызметін атқарды. 2015/2016 оқу жылынан бастап емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқаруда. Марапаттары: Медицина  саласында көп жылдық абыройлы, қажырлы еңбегі мен  орта буынды медицина мамандарына саналы тәрбие, сапалы білім берудегі және облыс халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін
ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі тарапынан ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен (2002ж), ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы мед. қызметкерлерінің мерекесіне орай Құрмет грамотасымен (2011ж), ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы мед. Қызметкерлерінің мерекесіне орай Құрмет грамотасымен (2014ж), Жетісай Медицина колледжінің әкімшілігі ұстаздар және мед, қызметкерлері мерекесіне орай Құрмет грамотасымен (2006, 2014ж) марапатталды.

Айдаров Талгат Бауыржанович – жатақхана меңгерушісі. 2004 жылы «Сырдария» унивирситетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Жетісай медицина колледжіне жатақхана меңгерушісі қызметіне қабылданды. Марапаттары: ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, 2015 жыл

Боранбаева Светлана Аденовна – кадрлар бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау мамандығы бойынша бітірген. Жетісай медицина колледжінде 1998 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 1999 жылдан бері кадрлар бөлімінің инспекторы. 2014 жылдан бастап кадрлар бөлімінің меңгерушісі. Кадрлар бөлімі оқытушылар құрамымен, оқу-тәрбие жұмысымен, қызмет көрсету тұлғаларымен және колледж білім алушыларымен жұмыс атқарады. Марапаттары: – Жетісай қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2011 жыл – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Құрмет грамотасы, 2014 жыл

Сатанов Асан

Ятаев Жанарыс Балабекович- дене шынықтыру және спорт әдістемелік бірлестігінің төрағасы. 2010 жылы «Сырдария» университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Жетісай медицина колледжінде 2010 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Марапаттары: – Жетісай қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2011 жыл – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Құрмет грамотасы, 2014 жыл

Сабыркулова Зулфия Абдирасиловна – бас есепші. 1987 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығының бухгалтер экономисі мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылдан бері Жетісай медицина колледжінде бас есепші қызметін атқарып келеді. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Мадақтама, 2011 жыл
ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай Алғыс хат, 2012 жыл ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, 2013 жыл Жетісай қаласының 45 жылдығы және «Қала күні» мерекесіне орай Алғыс хат, 2015 жыл